Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тасарықта жаңа наубайхана ашылды

10.03.2023, 18:00 739

HALYQLINE.KZ Қазалы ауданы, Тасарық ауылдық округінің тұрғыны Гүлмира Асанханова қайтарымсыз грант және өз қаражаты есебінен қажетті жабдықтар сатып алып, шағын наубайхана ашып, халықты тоқаш, нан өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр.

Наубайхана иесі Байқоныр колледжін «аспаз» мамандығы бойынша тәмамдап, туған ауылына оралды. Жеке кәсіпкерлік ашып, оны ілгерілетуді ойлады. Сондай-ақ, ол – бір үйдің ұйытқысы, сүйікті жар және аяулы көп балалы ана.

Кәсіпкер Гульмира Асанханова наубайхана ашуды көптен бері жоспарлап жүрген еді. Енді міне, мемлекеттік бағдарламасының арқасында бизнес жобасын өзі туып-өскен ауылында жүзеге асырды.

Мемлекеттік қолдаудың арқасында бой көтерген кәсіпкерлік нысан мектептің жанында ашылған. Жаңа бизнестің арқасында, мұнда піскен нанның иісі аңқып, келушілердің де қатары артқан, басым бөлігі – мектеп оқушылары мен мұғалімдер. Наубайхана қуаттылығы – күніне 17 кг нан, нан мен тоқаш өнімдерінің сан алуан түрін пісіретін наубайхана болашақта Тасарық ауданы нарығының 20 процентін қамтымақ ниетте.

Наубайxана нан пісіруге қажетті барлық заманауи құрал жабдықтармен жабдықталған. Мұнда тәулігіне тапсырысқа сай 30-40 таба-нан пісіріледі.

Кәсіп иесінің айтуынша, наубайхананы толықтай іске қосуға 2,9 млн теңге гранты көмек болған. Бұл қаражатқа наубайханаға қажетті пештер, нан илейтін машиналар мен тағы басқа жабдық сатып алынды Қазіргі уақытта жаңа кәсіп нысаны бірқатар сауда нүктесін күнделікті жаңа пісірілген нанмен қамтамасыз етіп отыр. Жергілікті шаруалардан жеткізілген ұннан мұнда нанның 10 шақты және тоқаш өнімдерінің 15 түрін пісіріп отырады.

Наубайханаға әзірге 3 ауыл тұрғыны тұрақты жұмысқа алынған. Кәсіпкердің жоспары көп. Қазіргі уақытта цехты жалға алып отса, болашақта өз наубайханасынан жаңа піскен нан шығарғысы келеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: