Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Екі сағатта бітіремін»

25.01.2024, 9:40 224

Қолөнерші  шұлық  тоқудан  басталған  кәсібі  туралы  айтты

Қызылордалық қолөнер шебері Манат Өтепбергенова кез келген киім-бұйымды санаулы уақытта тоқи алады.

Кейіпкеріміздің қолөнерге әуестігі бала күнінде басталған.

«6-7-сыныпта оқитын кезім. Көрші үйдегі апаның шұлық, шәлі тоқып отырғанын көріп, қызығушылығым оянды. Арнайы уақыт бөліп үйреткен ешкім болған жоқ. Өз бетімше ізденіп, білмегенімді сұрап, солай ғана қолымды жаттықтырдым», – деді Манат Өтепбергенова.

Оның үстіне өз әжесі құрақ құраудың, нағашы әжесі кілем тоқудың шебері болған. Кейіпкеріміз қанмен келген қасиетті еңбекқорлығымен дамыта білді. Ең бірінші қолынан шыққан шұлық еді. Қазір оны бас-аяғы екі сағатта тоқып бітіреді. Ал аяқкиімдерге сұраныс жоғары көрінеді.

«Ең қымбат бұйым – кәрзіңке, картина. 20 мың теңгеден. Өйткені көз майын тауысасың, қол байлайды. Осы екеуінен басқасының жұмысы тез», – деді ол.

Қолөнерші әзірге бәрін үйден тоқып, үйден сатады. Мемлекеттік грант арқылы арнайы орын алып, сол жерде шеберлік дәрісін өткізуді жоспарлап жүр.

Алтын қолды Манат апа жуырда Астанада өткен республикалық фестивальге қатысып, қолөнершілер туын әзірлеуге үлес қосты. Ені – 6, ұзындығы 15 метр ту отандық рекордтар кітабына енді.

Назерке  САНИЯЗОВА

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: