Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Агроөнеркәсіп – ауыл шаруашылығын өркендетудің басты бағыты

11.08.2022, 11:20 675

Мемлекет басшысының Ұлттық он жобасы ішінде – Агроөнеркәсіптік  кешенді дамыту жөніндегі бағдарлама барысы бекітілген болатын. Еңбек өнімділігін екі жарым есе арттыру, Агроөнеркәсіп өнімінің экспортын екі есе ұлғайту және отандық өндірістің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету арқылы бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік кешен құру мақтасына негізделген бағдарлама халық мүддесіне оңтайлы пайдалануға берілді. Бұл жобаның қарқындылығы барысында халық азық-түлік тауарларымен қатар ауыл тұрғындарының табысын ұлғайтып, ауыл шаруашылығы жұмысын жандардыру көзделген. Осы тұрғыда, қаламызда атқарылып жатқан жұмыстардың барысына көз жүгіртейік. Бүгінгі таңда «ҚР Агроөнеркәсіп кешенің дамытудың 2022 жылға арналған бағдарламасы» аясында аймағымыздағы ауыл шаруашылығы өткен жылмен салыстырғанда 100,8 пайызды құрап отыр. Атап айтатын болсақ, егін шаруашылығы мен мал шаруашылығы қала бойынша жыл сайын өсімін жоғарылатып келеді.

Мәселен, биылғы жылы жалпы 9036 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілсе, оның ішінде, 3406 гектар күріш, 482 гектар бидай, 5 гектар арпа, 70 гектар мақсары, 189 гектар қант құмайы, 2823 гектар картоп, көкөніс, бақша дақылдары егіліп, 994 гектар жаңа жоңышқа, 1067 гектар ескі жоңышқа жерге себіліп, күтімге алынған. Сондай-ақ қаламызға қарасты ауылдық-округтерде жүргізілетін егін шаруашылығы бо­йынша бидай жинау жұмыстары толығымен аяқталып, одан 431,7 тонна өнім алынып отыр. Сонымен қатар, мал шаруашылығына арналған 1067 гектар ескі жоңышқа шөбінің бірінші орымы орылып, 1814 тонна мал азығы дайындалды. Жаңа және ескі жоңышқа шөп-шаламдардың екінші орымы қазіргі уақытта жүргізіліп жатыр. Ал қалған бақша өнімдері мен күріш егістіктерінің пісуі мен жиналуы күтілуде. Бүгінгі күнге қала бойынша атқарылып жатқан егін шаруашылығы өз жемісін ойдағыдай беріп жатқан көрінеді. Әрине, бұл –  қуанарлық жағдайлардың бірі. Осы агроөнеркәсіп  саласының дамуы­мен еліміздегі  және облысымыз­дың өнімдері жақсы өтімін беріп, қаламыздың жандануына бірден-бір үлкен септігін тигізуде. Және осындай ауқымды қалалық егін шаруашы­лығын оңтайлы технологиямен там­шылатып суару арқылы үлкен алқаптарымызды су тапшылығынан аман алып қалып отырмыз. Аяқ судың тапшылануына байланысты тамшылатып және жаңбырлатып суару технологиясы барлық шаруамызды жеңілдетті десек те болады. Бұл егілген дақылдардың барлығына қаламызға қарасты магистралды каналдардан   28,79 текше метр су алынуда.

Қызылорда қаласында егін шаруа­шылығы мен бірге мал, балық шаруашылығын дамыту барысында да табыстар өте көп. Оның үстіне, биыл мал басы артып, өткен жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара 10,7%-ға, қой-ешкі 14,4%-ға, жылқы 23,4%-ға, түйе 12,2%-ға, құс 1,8%-ға, өскен. Айтып өткендей, мал басының көбеюіне байланысты егіннің де гектары өсе беретіні анық. Мал басы­ның артуы негізінде одан алынатын және өндірілетін өнімдердің сапасы мен пайызы да өсіп келе­ді. Дәлірек айтатын болсақ, бүгін­гі  күнге  тірідей салмақпен 947,7 тонна ет, 1683,4 тонна сүт, 131,1 мың дана жұмырт­қа өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ет өнді­ру – 1,8 пайызға, сөт өнімі – 0,2 пайызға, жұмыртқа – 1,1 пайызға артқан. Сондай-ақ қалалық ауыл шаруашылығы және жер қатынас­тары бөлімінің мәліметінше, биылғы жылы «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында кент, ауылдық округтері бойынша қаржы инс­титуттары арқылы 25 жоба мақұлданып, 232,7 млн теңге несие берілген. Бұл қаражат арқылы 45 бас ірі қара, 616 бас уақ мал, 246 жылқы малдары алынса, 5 жоба несие қаржысын күтуде.

Мемлемет басшысының бекіткен Ұлттық жобаның басымдығы әр өңірдегі ет, сүт, көкөніс, күріш, қант, дақылдар және қаламыздағы балық өнімдерін көбейтіп, шаруашылық көлемін ұлғайтуды басты назарда ұстауға берілген болатын. Біздің қала­мызда биыл мал шаруашылығы мен қатар  балық  өнімдері  де  жақсы нәтижесін  беруде.

– 2021 жылы қаланың 7 тауарлы су айдындары бойынша 6,9 тонна өнім өндірілген болса, биылғы жылға 18,5 тонна балық өндіру жоспарлануда. Көлде тауарлы балық өсіру шаруа­шылығымен айналысатын табиғат пайдаланушылармен жоспарланған көлемге жеткізуге тиісті жұмыс­тар жүргізілуде. Сонымен қатар, қалаға қарасты су айдындарында қазу жұмыс­тары іске асырылып, тоған шаруа­шылығын дамыту көзделіп отыр, – дейді қалалық ауыл шаруа­шылығы және жер қатынастары бөлі­мінің  қызметкері.

Айта кетейік, бұл шаруалардың өсуіне байланысты биыл күзде Арал ауданында теңізден маржан терген барлық  балықшылардың слеті өтетін  болады.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту барысында қаламызда жылыжай шаруашылықтары жұмыс істеуде. Нақтырақ айтатын болсақ, Қызыл­орда қаласы, Ақсуат ауылдық округіне қарасты «КазАгроМир» ЖШС-нің құны 1,1 млрд теңгені құрайтын, көлемі 2,2 гектар автоматтан­дырылған кешенді жылыжайдың жұмы­сы  бір  қалыпта  жасалуда. Қала­лық ауыл шаруашылығы және жер қатынастар   бөлімінің  айтуынша, ол жақтан биылғы жылдың қаңтар  айында  егілген қияр өнімінен 180  тоннаға жуық өнім  жиналды. Сондай-ақ, осындай шағын жылыжай кешінің дамытуда жаңадан 2 дана кешені жұмысын  бастап  кетті. Ал 2 жылыжай жобасын қаржылан­дырып, бүгінгі күнде құрылыс жұмыс­тары жүргізілуде. Құрылыс «Қызыл­орда өңірлік ин­вестиция орталығы» тарапынан ұсынылып, салынуда. Аталған жылыжай кешендерінде күніне  100  келіге жуық  қияр  өнімдері  өндірілуде.

Аталған бағдарлама барысында ауыл  шаруашылығы  саласын дамыту­дың Жол картасы арқылы қаламызда бірқатар жұмыс пәрменді атқарылып жатыр. Бұл бағдарлама аясын­да түрлі жобалар қарас­тырылып, қаламыздың ауыл шаруашылығының  өсуіне ықпал жасау үшін  инвестиция тартылып, көптеген халықты  жұмыспен қам­тып отыр. Сондай-ақ, 2022 жылға «Дип­ломмен ауылға» бағдарламасы бо­йынша да көтерме жәрдемақыға 33 млн  693  мың  теңгемен 110 маман, бюджеттік  кредитке 114 млн 863 мың теңге 25 маманға беріліп, алған мамандығы бойынша ауыл шаруа­шылығының өркендеуіне үле­сін қосуда. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы тек Қазақстан Респуб­ликасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамыту­ды мемлекеттік реттеу тура­лы» салалық заңы (18-баптың 8-тармағы) ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұруға келген әлеу­меттік сала және агроөнеркәсіптік кешен мамандарын ғана қолдауға  бағытталған. Бүгінгі күнде көтерме жәрдемақы бойынша 60 маман, бюджеттік кредит бойынша 31 маман кезек­те  тұр.

Қорытындылай келе, Агроөнеркәсіп кешенің дамыту бағдарламасы өңіріміздегі ауыл-аймақтың күн көрісіне оң нәтижесін берді десек қателеспейміз. Қазіргі таңда, ауылдық-округтеріміздің тұрмыс сапасы жақсарып, осы бағдарлама аясында біршама ауыл тұрғыны жұмыспен қамтылып келеді. Қаламыз бен ауыл-аймақтағы ауыл шаруа­шылығы кәсіпорындарының ілгері қалмай, жүйелі жұмыс істеуіне «ҚР Агр­оөнеркәсіп кешенің дамытудың 2022 жылға арналған» жобасының берген  үлесі  мол.

Оразкүл  ТЕМІРҒАЛИ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: