Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ұн 250 пайызға, нан 150 пайызға қымбаттады

23.02.2024, 14:50 171

HALYQLINE.KZ

Өткен аптада Түркіменстандағы мемлекеттік дүкендерде ұн күрт қымбаттап кетті. Тұрғындар азықүлік бағасының көтерілуіне алаңдап отыр.

Қазір Түркіменстандағы мемлекеттік дүкендерде ұн коммерциялық бағамен ғана сатылып жатыр. Елдің әр өңірінде баға әртүрлі. 50 келі тартатын бір қап ұнды 125 манаттан бастап 400 манатқа дейінгі аралықтағы бағаға сатып алуға болады.

Ең арзан ұн мемлекет басшысының туған жері – Гёкдепеде сатылады. Мұнда бір келі ұн 2 манат тұрады. Астанадағы мемлекеттік дүкендерде бір келі ұн сортына қарай 3,5 немесе 4,2 манаттан сатылып жатыр.

Лебап уәлаятында бір қап ұнды 370 манатқа алуға болады. Түркіменстан орталық банкі белгілеген бағам бойынша, 1 доллар 3,5 манат тұрады.

Түркіменстанда арзан азық-түлік сатылатын мемлекеттік дүкендерде бір келі ұн 1 манат тұратын. Жақында ұн бағасы 3,5 манат болды. Мемлекеттік дүкендер адам басына айына 5 келі ұн ғана сатады.

Түркімен үкіметі азық-түлік қымбаттайтынын алдын ала ескертпеген. Оның себебі де айтылмаған.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: