Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Токио Олимпиадасының алау эстафетасы басталды (Фото)

30.03.2021, 17:30 332

HALYQLINE.KZ  Жапонияның солтүстік-шығысындағы Фукусима префектурасында олимпиада алауы жағылды. Он мыңға жуық желаяқ кезектесе отырып күншығыс еліндегі 47 префектурада алауды алып өтеді.

Токиодағы Олимпиада ойындары осы жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтеді. Олимпиада алауы Фукусима префектурасындағы J-Village футбол орталығының аумағында тұтатылды.

Осылайша, жазғы Олимпиада ойындарына дейінгі төрт айдың кері санағы басталды.

Елдегі коронавирусқа қарсы шаралардың күшіне енуіне байланысты олимпиада алауының эстафетасын бастау салтанатына көрермендер қатысқан жоқ.

Ал алдын ала жоспар бойынша бұл шараға бас-аяғы үш мыңға жуық адамның қатысуы көзделді.

Жапония билігі инфекцияның таралу қаупі жоғары болғандықтан аталған шараның ауқымын едәуір қысқартты.

Алауды алып жүретін эстафета кезінде де сақтық шаралары қатаң сақталатын болады. Эстафета 121 күнге созылады

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: