Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сегізаяқ түсін неге өзгертеді?

06.09.2020, 14:00 1152

HALYQLINE.KZ Әлемде біз білмейтін жануарлар қаншама, ал білетін жануарларымыздың сыры қаншама? Түсін өзгертетін жануарлардың ішінде хамелеонды көп айтсақ та, оның физиологиялық күйінен де асып түсетін жануар бар екен. Ол – сегізаяқ. Егер хамелеонның түсі тікелей күн райына байланысты өзгерсе, сегізаяқ өзінің түсін бұлай өзгертпейді екен. Назарларыңызға сегізаяқтың түс өзгертуіндегі басты себептерді ұсынамыз.

Сегізаяқ хамелеон тәрізді 2 түстің ғана иесі емес. Оның мүмкіндігі біз ойлағаннан да шексіз. Ол өзінің өмір сүрген ортасының түс галереясына қатысты өзгерте береді. Бұрында сегізаяқ өзінің түсін жауынан жасырыну үшін өзгертеді деген ой болған. Алайда сегізаяқты 53 сағат бойы зерттеуден өткізген ғалымдар: «Сегізаяқ өзінің ашуы мен агрессиясын көрсету үшін түсін қоңыр-қара түске ауыстырады. Бұл түс оның пішінін үлкен етіп көрсетеді. Бұл жай ғана физиологиялық реакция екені белгілі. Мұның астында әлі де сыр бар. Неге өзін агрессиялы көрсету үшін дәл осы қара түсті пайдаланады? Оның да сыры мәлім болды», – дейді.

Егерде жануар кері шегінуге ниет етсе, онда түсін кішкене аққа ауыстырады. Осылайша ол өзіне жасырынатын жер іздей бастайды. Керісінше жауын жеңуге ниет етсе, оның түсі одан да қара бола түскен. Ғалымдардың бұл зерттеуі «Носферату пішіні» деп аталып, ғылымға енгізілді. Ал зерттеу жұмысы Сидней қаласының оңтүстік жағалауында өткен.

Massaget.kz сайты

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: