Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный түрмеде кенеттен қайтыс болды

16.02.2024, 17:15 332

HALYQLINE.KZ

БАҚ-та Алексей Навальный қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады.

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный қайтыс болды. Бұл туралы ол жазасын өтеп жатқан Ямало-Ненецк автономиялық округі бойынша Федералдық қылмыстық атқару қызметінің департаменті хабарлады.

Жарияланған ақпарат бойынша, №3 түзеу колониясында сотталушы Навальный серуендеуден кейін өзін нашар сезініп, бірден есінен танып қалған.

Дереу мекеменің медицина қызметкерлері жетіп, жедел жәрдем шақырылғаны айтылды.

Барлық қажетті реанимациялық шаралар жүргізіліп, бірақ оң нәтиже бермеген. Жедел жәрдем дәрігерлері сотталушының қайтыс болғанын растады. Өлімнің себептері анықталып жатыр.

Кремльдің баспасөз қызметінің басшысы Навальныйдың өлімінен Путиннің хабардар екенін жеткізді.

«Осыған байланысты Федералды жазаны орындау қызметі басшылыққа алатын белгілі бір ережелер жиынтығы бар», – деді Песков.

Навальныйдың адвокаты Леонид Соловьев қорғауындағы азаматтың өліміне қатысты пікір айтудан бас тартты.

«Алексей Навальныйдың отбасының шешімімен мен ештеңеге түсініктеме бермеймін. Қазір оны қарап жатырмыз. Сәрсенбі күні Алексейдің адвокаты оның жанында болды. Ол кезде бәрі жақсы болатын».

Дереккөз: inbusiness.kz

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: