Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ресей федерация кеңесі президент сайлауын 17 наурызға белгіледі

07.12.2023, 15:05 150

HALYQLINE.KZ

Ресей федерация кеңесі бейсенбідегі жиналыста президент сайлауын 2024 жылдың 17 наурызына белгіледі. Мәліметті жергілікті ақпарат құралдары таратты.

Сайлау өтетін күн федералдық заңмен анықталады, бірақ сайлау қарсаңындағы науқан басталғанын сенаторлар жариялайды. РФКП жетекшісі Геннадий Зюганов өкім бастапқыда 13 желтоқсанда жарияланады деп жоспарланғанын айтқан.

Геннадий Зюганов, думаның бұрынғы депутаты Борис Надежкин, Донецкідегі ресейшіл жікшілдердің қазір тергеу изоляторында отырған бұрынғы әскери жетекшісі Игорь Стрелков (Гиркин), журналист Екатерина Дунцова президент сайлауына түскісі келетінін мәлімдеп үлгерді. «Жаңа адамдар» партиясы да өз үміткерін ұсынуды көздеп отыр.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: