Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қырғызстан тасжолында көшкін жүрді (Видео)

15.09.2020, 15:35 696

HALYQLINE.KZ Нарын облысы Дыйкан – Кара-Кече тасжолында көшкін жүрді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Akipress сайтына сілтеме жасап.

Қырғызстандағы ең ірі көмір кен орнына апаратын тасжолда көшкін жүрген. Елдің көлік және жол министрлігінің алдын ала мәліметі бойынша, жолды жалпы салмағы 800-900 мың текше болатын тас-топырақ жауып тастаған. Ол шатқалдағы жолды, өзеннің арнасын жауып, электр бағаналарын құлатқан.

Куәгерлер көшкін болған сәтті видеоға түсіріп үлгеріпті. Онда көшкін салдарынан жартастың қалай опырылғанын көруге болады.

24kg.kz сайтының мәліметінше, Қырғызстанның премьер-министрі Кубатбек Боронов мемлекеттік органдарға көшкін салдарын жою бойынша жедел жұмыс жүргізуді тапсырған.

Джумгал ауданының азаматтық қорғаныс комиссиясының шешімі бойынша көшкін жүрген жол уақытша жабылып, жол учаскесі қоршауға алынған. Көшкін салдарынан ешкім зардап шекпеген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: