Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Путин Пригожиннің өлімін жанама түрде растап, «тағдыры қиын, талантты адам болды» деді

25.08.2023, 8:30 188

HALYQLINE.KZ

Ресей президенті Владимир Путин Тверь облысындағы ұшақтың құлауы бойынша пікір білдіріп, онда «Вагнер» жеке әскери компанияның негізін қалаушы Евгений Пригожиннің қаза болғанын жанама түрде растады.
«Пригожинді 90-жылдардан бері танимын. Ол тағдыры ауыр, үлкен қателер жасаған, сонымен бірге өз мақсаттарына жете алған талантты кәсіпкер болды», – деді Путин.
Президент ұшақта қаза болғандардың туыстарына көңіл айтып, тергеу комитеті бұл оқиғаны тексеріп жатқанын жеткізді. Оның сөзінше, ұшақта «Вагнердің» өкілдері болған.
«Бұл оқиға бойынша тергеу толық жүргізіліп, соңына дейін жеткізіледі», – деді Путин.
23 тамызда кешкісін Тверь облысында Пригожинге тиесілі ұшақ құлап түскен. Ішіндегі он адамның бәрі мерт болған. Росавиация жариялаған тізімде Евгений Пригожиннің аты-жөні болған.
«Вагнердің» командирлері Евгений Пригожиннің өлімін растады.
Сарапшылар Пригожиннің екі ай бұрынғы бүлігін еске алып, орыс билігі әдейілеп оның көзін құртуы мүмкін дегенді айтып жатыр.

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: