Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Президент таяқ жеді ме? (Видео)

09.06.2021, 14:35 401

HALYQLINE.KZ Францияда қызық оқиға болды. Елдің оңтүстік-шығысындағы департаменттердің біріне барған Франция президенті Эммануэль Макрон жергілікті тұрғынның біреуінен шапалақ жей жаздады.

Макрон өзін күтіп тұрған тұрғындарға келіп, біреуінің қолын ұстай бергенде, ол оны екінші қолымен бетінен салып жібермекші болады. Бұл сәт видеоға түсіп қалады. Артынша әлеуметтік желілерге тарап қызу талқыға түседі.

Видеодан байқағанымыздай, президенттің оққағарлары Макронға тиіспекші болған сақалды жігітті тез арада ұстап үлгереді. Елисей сарайының баспасөз қызметі мұндай оқиғаның болғанын растады. Бірақ шапалақпен ұрмақшы болған жігіттің ойы іске аспады. Бұл оқиғаға қатысты екі адам ұсталғаны да айтылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: