Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Президент ерлер мен әйелдердің де саны теңеседі…

09.03.2021, 10:15 349

HALYQLINE.KZ  Мемлекет пен үкімет басшылығында әйелдер мен ерлердің үлесі қазіргі даму қарқынымен  130 жылдан кейін тең болады. Бұл туралы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Розмари ДиКарло айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерреш 22 елде ғана әйел адам мемлекет немесе үкімет басшысы екенін атап өткен болатын. Бұл ретте министрлердің тек 21 пайызы әйел, ал парламенттегі депутат әйелдер 25 пайыздан аз.

«Прогрестің қазіргі деңгейінде мемлекет пен үкімет басшылары 130 жылда гендерлік теңдікке қол жеткізеді», – деді ДиКарло.

Оның айтуынша, БҰҰ гендерлік теңдікті қамтамасыз ету мәселесінде өзі үлгі көрсетуі керек. ДиКарло БҰҰ бас хатшысы 57-ден аса әйелді басқарушы лауазымдарға тағайындағанын айтты. Бұл ұйымның арнайы саяси миссияларына, соның ішінде Ауғанстан мен Ирактағы миссиялардың басшылық лауазымына. 

«Біз БҰҰ қамқорлығымен өтіп жатқан бейбіт үдерістерге әйелдердің сындарлы қатысуын қолдаймыз», – деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, БҰҰ гендерлік теңдікті қамтамасыз ету мәселесінде өзі үлгі көрсетуі керек. ДиКарло БҰҰ бас хатшысы 57-ден аса әйелді басқарушы лауазымдарға тағайындағанын айтты. Бұл ұйымның арнайы саяси миссияларына, соның ішінде Ауғанстан мен Ирактағы миссиялардың басшылық лауазымына. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: