Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ким Чен Ын танк басқарып, соғысқа дайындалуға үндеді

15.03.2024, 17:30 441

HALYQLINE.KZ

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын бейсенбі күні КХДР армиясы банк бөлімдерінің жаттығуына қатысты. Мемлекеттік KCNA агенттігінің хабарлауынша, жоғарғы қолбасшы әскери жаттығу кезінде жаңа үлгідегі танкті басқарып, оны «әлемдегі ең мықтысы» деп атаған.

Ким Чен Ын кейінгі 11 күнде осымен үшінші әскери жаттығуға қатысып отыр. Екі апта бұрын АҚШ пен Оңтүстік Кореяның бірлескен әскери жаттығуы басталған. Ол бейсенбі күні кешке аяқталған. Оңтүстік Корея қорғаныс мақсатын көздейтінін мәлімдеген.

Солтүстік Корея жетекшісі бұған дейінгі жаттығуларда артиллерия мен жаяу әскердің дайындығын көрген.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Ким Чен Ын жаттығу кезінде жауынгерлерді «соғысқа дайындалуға» шақырған. Бұның алдында КХДР қорғаныс министрлігі Оңтүстік Кореяға АҚШ-пен бірге әскери жаттығу өткізгені үшін қоқан-лоққы жасаған.

Ким Чен Ын және КХДР үкіметі Оңтүстік Кореямен соғысуы мүмкін екенін үнемі мәлімдеп жүр. Ким 2023 жылдың аяғында да соғысқа дайындалуға үндеген.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: