Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Біз білмейтін қызықтар

15.01.2023, 15:00 604

Өмірде сіз білмейтін қызықты деректер жетерлік.

Боливияда  әскер-теңіз флотында істейтін 5600 қызметкер бар, бірақ бұл елде теңізге шығатын жол жоқ.

Швейцарияда мектеп мұғалімдерінің айлығы жылына 33 000 доллардан басталады. Яғни, ай сайынғы жалақысы – 2750 доллар.

АҚШ азаматтары басқа елдермен салыстырғанда көбірек сотталады.

Оңтүстік Африка Республикасы қарақшылық, зорлық-зомбылық, қару-жарақ қолдану секілді қылмыстар бойынша әлемде бірінші орында тұр.

Ресей мен АҚШ-тың арасы – бар-жоғы 4 шақырым.

Әлемде ай сайын 2500 ана өз туған баласын тастап кетеді екен.

Чарльз Осборн есімді адам 69 жыл бойы үздіксіз ықылық атқан.

Ерекше есімге ие ұлдардың 50%-ы өмірде психикалық ауытқуларға ұшырауы мүмкін екен. Бұл мәселенің қыздарға қатысы жоқ.

Балалар басқа мезгілдермен салыстырғанда көктемде жақсы өседі.

Әр үш секунд сайын әлемде бір сәби өмірге келіп жатыр.

Әр адам көзін жылына он миллион рет жыпылықтады екен.

100 жасағандардың 80%-ы – әйелдер.

Ұлдардың көбісі күндіз, қыздар түнде туылады екен.

Кенияның жарты халқын 15 жасқа дейінгі балалар құрайды.

Әлемде ең көп таралған есім – Мұхаммед.

Ресей – жағалауын 12 теңіз шаятын жалғыз мемлекет.

Үй шаруасындағы адамдар күніне 11 шақырым жүріп тастайды.

Әлемде 365 миллион адамның компьютері бар, десек те жер шарындағы адамдардың жартысы ешқашан компьютер мен телефон ұстап көрмеген.

Дүниежүзіндегі ең бойы ұзындар голлондиялықтар болып есептеледі, ал ең қысқа халық – жапондар.

Орта есеппен балалар күніне 400 рет күледі, ал ересектер бар болғаны – 15 рет.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: