Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аптап ыстықтан 18 адам көз жұмды

23.06.2026, 15:40 69

Францияда бірнеше күннен бері жалғасқан аптап ыстық салдарынан кемінде 18 адам қайтыс болды. Қаза тапқандардың арасында үш қарт адам мен екі және төрт жастағы екі бүлдіршін бар.

Жергілікті биліктің мәліметінше, тағы 13 адам жексенбі күнінен бері суға кетіп, көз жұмған. Мамандар ыстық ауа райы кезінде тұрғындардың су айдындарына жаппай ағылуы қайғылы оқиғалардың көбеюіне себеп болғанын айтады.

Соңғы деректерге сәйкес, елдің батысындағы Бордо қаласында ауа температурасы 42 градусқа дейін көтерілген. Бірқатар өңірде аптап ыстықтың әсерінен денсаулығы сыр берген адамдар саны артқан. Әсіресе, қарттар, балалар және созылмалы аурулары бар азаматтар қауіп тобына жатады.

Францияның ұлттық метеорологиялық қызметі – Meteo France елдің бірнеше аймағында жоғары деңгейдегі қауіп жариялап, тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырды. Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері де ыстықтың беті қайтпайды.

Билік тұрғындарға күннің ең ыстық уақытында сыртқа шықпауға, көбірек су ішуге және денсаулығы әлсіз адамдарды бақылауда ұстауға кеңес беріп отыр. Сонымен қатар, төтенше қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Сарапшылардың айтуынша, Еуропада соңғы жылдары климаттың өзгеруіне байланысты экстремалды ауа райы құбылыстары жиілеп келеді. Аптап ыстық толқындары адам денсаулығына ғана емес, орман өрттерінің көбеюіне және инфрақұрылымға да елеулі қауіп төндіруде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: