Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әзірбайжанда президенттікке 15 үміткер тіркелді

27.12.2023, 16:20 589

HALYQLINE.KZ

Әзербайжан Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) 26 желтоқсанда президент болуға үміткер ретінде тағы 8 кандидатты бекітті.

Атап айтқанда, Сарван Керимовтің, Матлаб Муталлимлидің, Абуталыб Самедовтің, Фикрет Юсифовтің, Юсиф Багирзаденің, Юнус Огуздің және Гуламгусейн Алибейлидің кандидатуралары бекітілді.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, Сарван Керимов бұған дейін ғылыми жұмыспен айналысқан. Матлаб Муталлимли мен Абуталыб Самедов – парламенттің экс-депутаттары. Фикрет Юсифов бұған дейін Қаржы министрлігін басқарған, Юсиф Багирзаде экс-депутат және ОСК-ның экс-мүшесі. Юнус Огуз –«Олайлар» газетінің бас редакторы, Гуламгусейн Алибейли – парламенттің экс-депутаты.

Осылайша, бекітілген үміткерлер саны 15 адамға жетті.

Еске салайық, 19 желтоқсанда Орталық сайлау комиссиясы «Жаңа Әзербайжан» партиясы атынан іс басындағы президент Ильхам Әлиевтің кандидатурасын бекітті.

Сондай-ақ ОСК Захид Оруджті (парламент депутаты), Фазиль Мустафаны (депутат, «Ұлы жасампаздық» партиясының басшысы), Эльшад Мусаевті («Ұлы Әзербайжан» партиясының төрағасы), Гудрат Гасангулиевті (Біртұтас Әзербайжан халық фронты партиясының төрағасы) және Рази Нураллаевті («Ұлттық фронт» партиясының төрағасы) бекітті.

Талапқа сәйкес, кандидат ОСК-да тіркелуі үшін кем дегенде 60 сайлау округінде тұратын 40 мың дауыс берушінің қолтаңбасын ұсынуы тиіс.

Әзербайжанда кезектен тыс президент сайлауы келер жылдың 7 ақпанына белгіленген.

Фото:  media.az

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: