Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әлемдегі ең ұзын шаш иесі шашын қиды

19.04.2021, 17:30 1286

HALYQLINE.KZ Ең ұзын шашымен рекорд орнатқан Үндістан тұрғыны Ниланши Пател шашын қырықты.

Гиннестің рекордтар кітабының ақпаратына сәйкес,  ол 2018 жылы жасөспірімдер арасында ең ұзын шаш бойынша рекорд орнатқан.  Ол кезде небәрі 16 жаста болған, ал шашының ұзындығы 170,5 см-ге жетіпті, – деп жазады Известия.

2020 жылдың шілдесінде қыздың шашы өлшеніп,  200 см-ге жеткені белгілі болды. Жалпы, ол үш рет рекорд жасаған. Ниланши Пател алты жасынан бастап шашын қырықпаған.

Енді 12 жылдан кейін шашын қырқуға шешім қабылдады. Ол салмағы 266 г шашты мұражайға тапсырды.

aikyn.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: