Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әлемдегі ең бай әйел кім?

05.09.2020, 16:00 605

HALYQLINE.KZ Amazon корпорациясы басшысы Джефф Безостың бұрынғы әйелі Маккензи Скотт әлемдегі ең бай әйел атанды. Оның байлығы 68 миллиард долларға жетті. Бұл туралы Bloomberg агенттігі жариялаған рейтингте айтылады.

Скотттан кейін тізімде L’Oreal компаниясының иесі Франсуаза Бетанкур-Майерс тұр. Оның байлығы 66,8 миллиард долларға бағаланады.  

Дереккөз мәліметінше, Джефф Безос пен Маккензи Скотт 2019 жылы ажырасқан. Bloomberg рейтингіне сәйкес, Безостың  байлығы 207 миллиард долларға бағаланады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: