Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Жазира Қуанышбайдың ісі бойынша тергеу жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр» – Ергешов

29.01.2026, 15:00 54

Жазира Қуанышбайға қатысты қозғалған іс қазіргі уақытта құқық қорғау органдарының бақылауында. Бұл туралы Қызылорда облыстық Полиция департаментінің басшысы Серік Ергешов өңірлік коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдеріне брифинг бергенде мәлімдеді.

Оның айтуынша, аталған іс бойынша барлық мән-жай жан-жақты әрі объективті түрде тексеріліп жатыр.

– Жазира Қуанышбайдың ісі қазір менің жеке бақылауымда. Тергеу толық әрі бейтарап жүргізілуде. Заңда көзделген процессуалдық шешім қабылданған соң, іс сотқа жолданатын болады, — деді Серік Ергешов.

Редакция тарапынан қойылған «Өңірде сталкинг дерегімен тіркелген өзге де қылмыстық істер бар ма?» деген сауалға облыстық полиция басшысы нақты жауап берді.

– Аймақта сталкинг дерегі бойынша тіркелген басқа қылмыстық оқиғалар жоқ, — деді ол.

Айта кеткен жөн, бұған дейін қызылордалық Жазира Қуанышбай есімді бойжеткен өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына сталкердің құрбаны болуы мүмкін екенін жазып, құзырлы мекемелерге қанша арыз жазса да істі назарға алмай отырғанын мәлімдеген еді. Іс қоғамдық резонанс тудырғаннан кейін, бойжеткенге Полиция департаменті тарапынан ресми тергеп-тексеру жұмыстары басталғаны хабарланды.

Коллаж: Halyqline.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: