Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шучинскінің әскери колледжінде жұқпалы ауру тарады

28.01.2026, 9:35 26

Щучинск қаласында орналасқан Шоқан Уалиханов атындағы әскери колледж аумағында жұқпалы аурудың тіркелуіне байланысты карантиндік режим енгізілді. Оқу орнына демалыстан кейін қайта оралған кадеттер арасында қызылша дерегі анықталған.

Мәліметке сәйкес, қазіргі таңда 66 кадет медицина мамандарының тұрақты бақылауына алынған. Дәрігерлердің айтуынша, екі тәрбиеленушіде аурудың асқыну белгілері байқалғанымен, жағдайлары тұрақты, өміріне қауіп жоқ. Қалған кадеттердің денсаулық көрсеткіштері күнделікті тексеріліп отыр.

Инфекцияның әрі қарай таралу қаупін болдырмау үшін колледжде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар күшейтілді. Оқу процесі мен тұрмыстық жағдайларға шектеулер қойылып, байланыста болған тұлғалар оқшауланды.

Жауапты қызметтер жағдайды толық бақылауда ұстап отырғанын, қажет болған жағдайда қосымша медициналық шаралар қабылданатынын хабарлады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: