Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жамбыл облысында оқу-жаттығу жиынына барған қызылордалық жасөспірімдер уланды

22.01.2026, 15:25 56

Жамбыл облысында күрес бойынша оқу-жаттығу жиынына барған Қызылорда облысынан келген 22 жасөспірім астан уланып, ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

Алдын ала мәліметке сәйкес, жасөспірімдер шығу тегі әзірге анықталмаған гастроэнтерит белгілеріменауруханаға түскен. Балалар Жамбыл облысындағы демалыс аймағында орналасқан оқу-жаттығу жиынына жаттықтырушыларымен бірге барған. Белгілі болғандай, аталған демалыс орнында 12 мен 17 жас аралығындағы шамамен 100 бала орналастырылған. Қазіргі таңда жағдайға байланысты тиісті тексеру шаралары жүргізіліп жатыр. Жергілікті әкімдік мәліметінше, тағамдардан және науқастардан зертханалық сынамалар алынған. Қорытынды нәтижелер әзірге дайын емес, тексеру жалғасуда.

Коллаж автордікі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: