Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Пәкістанда сауда орталығындағы өрттен кемінде 14 адам қаза тапты

19.01.2026, 16:35 50

Пәкістанның теңіз жағалауындағы Карачи қаласында ірі сауда орталығында өрт шығып, кемінде 14 адам көз жұмды. Тағы ондаған адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында, құрбандар саны әлі де артуы мүмкін. Өрт бір күн бұрын тұтанып, оны сөндіруге құтқарушылар тәуліктен астам уақыт жұмсады. Ресми мәліметке сәйкес, 38 адам түрлі жарақат алған.

Синд провинциясының билігі 70-тен астам адамның хабар-ошарсыз кеткенін хабарлады. Алдын ала болжам бойынша, қайғылы оқиғаға өрт қауіпсіздігі талаптарының өрескел бұзылуы себеп болған. Ғимарат 400 дүкенге ғана есептелгенімен, іс жүзінде онда шамамен 1200 сауда нүктесі жұмыс істеген. Сонымен қатар, небәрі екі ғана эвакуациялық шығу жолы болғаны анықталды.

Мамандардың айтуынша, мұндай апаттар Пәкістанда жиі қайталанады. Бұған ғимараттардың шамадан тыс жүктелуі, қауіпсіздік талаптарының сақталмауы және өрт сөндіру қызметтерінің кадр мен техникаға зәрулігі негізгі себеп болып отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: