Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мемлекет басшысы қаржы нарығы, байланыс және банкроттық мәселелері бойынша заңға қол қойды

16.01.2026, 11:55 30

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, байланыс және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Аталған заң қаржы нарығын реттеу және дамыту тетіктерін жетілдіруге, банк жүйесінің тұрақтылығын арттыруға, байланыс саласындағы құқықтық нормаларды жаңғыртуға, сондай-ақ банкроттық рәсімдерін оңтайландыруға бағытталған.

Құжатта қаржы ұйымдарының қызметіне бақылауды күшейту, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, қаржылық қызметтердің ашықтығын қамтамасыз ету және қарыз міндеттемелерін реттеу тетіктерін жетілдіру көзделген.

Заңның жекелеген нормалары қолданыстағы заңнамаға сәйкес кезең-кезеңімен іске асырылатын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: