Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Иран әуе кеңістігін шектеді, бірқатар ел азаматтарына кету жөнінде ескерту жасады

15.01.2026, 12:20 36

Иранда әуе қозғалысына қатысты шектеу күшейді. Ашық дереккөздердегі мәліметтерге қарағанда, Тегеран NOTAM (ұшуларға арналған ресми ескерту) жариялап, әуе кеңістігін барлық рейске толық ашық қалдырмай, халықаралық ұшуларға тек алдын ала арнайы рұқсатпен ғана қатынауға мүмкіндік берген

Қауіпсіздік күн тәртібіне шыққасын, Батыс елдері де өз ұстанымын қатайтты. Мысалы, Германия авиациялық операторларға Иран әуе кеңістігін пайдаланбау жөнінде ұсыным бергені хабарланды. 

Ұлыбританияға қатысты да ақпарат бар: бірқатар БАҚ Лондонның Тегерандағы дипломатиялық миссиясына байланысты эвакуациялық шаралар жүргенін жазды

Ал жалпы өңірлік тәуекел өсіп тұрғанын көрсететін тағы бір сигнал – бірнеше мемлекет өз азаматтарына Ираннан шұғыл кету немесе қауіпсіздік талаптарын күшейту жөнінде үндеу жасағаны туралы хабарлар.

Мұндай жағдайда ең дұрыс қадам – эмоцияға ермей, ресми арналарды бақылау. Ұшатындар үшін бастысы авиакомпанияның хабарламасын, рейс статусы мен транзиттік бағыттағы шектеулерді нақтылап алған жөн. Себебі әуе кеңістігіндегі режим кейде сағат сайын өзгеріп кетеді

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: