Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тартымды әйелдер

24.06.2020, 9:15 3995

Әйелдің сексуалды энергиясы – бұл тек қана секс туралы емес. Бұл дегеніңіз тәтті өмір сүруді білдіреді. Ғажап өмірдің әр сәтінің дәмін сезіну. Шығармашылық пен бақыттың толқынынан ауытқымау. Шабыт сыйлай білу. Өзіңнен, сүйіктіңнен рақат табу.

Сексуалды энергия әйелдің болмысынан басталады. Ол әр әйелдің жан дүниесінде еркін билеуі тиіс. Кедергілер мен қысымдарға соқтықпасын. Сонда әйелдің сексуалды энергиясы түйсік пен рухани жетілу орталықтарын аша бастайды. Сол кезде магнетизм үдеп, өз өмірін салтанатпен сәндейтін «Дәл соның өзі», «Жарқыраған жұлдыздай» бола бастайды. Өзіне де, ет жақынына да ресурс, мүмкіндік, сәттілікті тартады. Мұқтаждықтан салтанатты өмірге тап болады.

Тәндегі сексуалды энергияның еркін ағыны көз жанарын жарқылдатып, қолын жылытып, ернін тәтті ғып, сөзін балдай етіп, жүрегіне – махаббат пен ләззатты қондырады.

Көп әйелдің денесінің төменгі бөлігінде кедергі бар. Бұл дегеніңіз – дені сау сексуалдылықтың қақпаны. Әйелдерге жақсы бір кеңес айтайын. Соны істеген әйелдің түйткілі шешіледі. Күнде би билеу керек! Жақсы көретін әнді қосып, соған биле! Сананы өшіріп, тәніңе ер. Аз билейтін әйел нәзіктігінен тез айырылады. Би әр кез серігің болсын. Нәтижесі өзін ақтайды.

Әрине, кей кезде ері әйелін жастау біреуді жолықтырғанда тастап кетіп жататын мысалдарды көріп жүрміз. Бірақ ер адамды жасынан гөрі көркем жанды әйелдер көбірек қызықтырады. Жаны көркем әйел үшін сұлу әйелін де тастап кетуі мүмкін. Себебі, ер мен әйел бір-бірінен өзінің сапасын айқындайды. Еркектер дегеніне жеткенді ұнатады. Сондықтан өз ісімен айналысатын, өзінің әуестігі бар әйелдерге қатты қызығады. Әйел өз қалауындағыдай өмір сүрсе – бұл шабыттандырады. Еркекке бұл қызық. Ер адам әйелдің өзін бағалау жұпарына қатты елітіп, соны жаулап алғысы келеді.  

Ал енді нақтырақ:

1. Мұндай әйелдің өз пікірі бар, соны айтуға жасқанбайды.

Әйел өз пікірін ешкімге айтпауы тиіс заман өтіп кетіпті. Өмір, отбасы, әңгіме тек еркектің айналасында ғана өрбімейтін болды. Кез келген беделді еркек әйелінің пікірін білгісі келеді. Әйелдің ақылы – өте сексуалды ұғым. Көрсетуге қорықпа. Ақылыңмен еріңді қорқытып алам, ол қашып кетеді деп қорықсаң, оның бекер. Қорқып кетсе, ол сенің адамың болмағаны.

2. Мұндай әйел өзінің бағасын біледі.

Өз-өзіңді қолдан жасадың. Күш-қайратыңды көрсетуге қорықпа. Жоқ, әрине, еркекпен қарым-қатынас – бұл жарыс емес, бос мақтана берудің қажеті жоқ. Бірақ өзіңе сенімді бол. Сенімділік ешқашан айғайлап тұрмайды: сенің ерекше тұлғалық қасиеттерің мен жетістігің сен үшін сөйлеп тұратын болады. Өзіңді қалай ұстайтыныңнан, еркекпен қалай сөйлескеннен-ақ сенің кім екенің белгілі болады. Ал еркектер шын жүректен сөйлесе алатын әйелдерді жан жүрегімен жақсы көреді. Ондай әйелмен таласпайды, бәсекелеспейді.

3. Мұндай әйелдің өз әуестігі бар.

Ерімен қарым-қатынастан бөлек жеке өмірі бар әйел еркектердің бәріне ұнайды. Саған өз ісіңмен айналысуға рұқсат етуі – бұл сенім білдірудің терең сатысы, сені тұлға ретінде мойындаудың іргетасы. Солай бола тұра саған деген ілтипаты мен елітуі арта береді.

4. Мұндай әйел комплимент айта алады және қабылдай алады.

Еркектер комплимент айтқанды ұнатады. Есесіне ілтипатпен жымиған әйелді көргісі келеді. Сыйлық сыйлап тұрғанда, қарсы жақ керек емес десе, жаның жабырқайды, солай емес пе? Сондықтан біреу мақтап тұрғанда, сонысын қабылдай біл. Өз қадіріңді мойындап, елге көрсетуге ұялма.

Еркектерге де комплимент есту маңызды. Не үшін бағалайтыныңды, әлеміңді қандай еткені туралы айтып жүр.

5. Мұндай әйел әрқашан күтініп жүреді.

Барлық мағынасында күтініп жүреді. Сонда теңгерім пайда болады. Сыртқы әлпетке қарамайды деп қанша айтсақ та – ол маңызды. Тіпті табиғат сұлу мүсін, көркем келбет бермесе де, есті әйел үнемі таза, күтінулі, стильді киініп, өзін тартымды көрсете алады.

Әйел еркекке басы бүтін маңызды – сыртқы әлпетінен ішкі қалтарыстарына дейін. Әйел еркектің тәнін ғана емес, жанын да, ақылын да еліткенін қалайды.

Өзіңе сүйкімді көрінген кезде еркекке де сүйкімді бола бересің.

Ольга Валяева

Аударған Шынар ӘБІЛДӘ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: