Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мотокөлікке мас күйінде мінген

22.06.2020, 17:30 454

Көрнекі сурет

HALYQLINE.KZ 20 маусым күні сағат 11:40 шамасында Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, ІІІ Интернационал ауылында орталық көшесі бойында «ИЖ Планета» мотокөлігін тиісті шлемсіз басқарғаны үшін патрульдік қызмет инспекторлары полиция аға лейтенанты А.Исенбеков және Ж.Маханбетов мотокөлікті тоқтатқан.

Тексеру барысында, мотокөлік жүргізушісі ауыл тұрғыны алкогольдік ішімдік ішіп және еш құжатсыз басқарып жүргені анықталды.

Құқық бұзушы азаматқа қатысты 4-бабы бойынша, яғни ҚР ӘҚБтК-нің 593 бабының 2-бөлігімен (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау); 590-бабының 2-бөлігімен (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу, яғни мемлекеттік белгісі жоқ күйінде); 612-бабының 2-бөлігімен (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы); 608-бабының 6-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) әкімшілік хаттамалары рәсімделіп, процессуалдық шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданды.

Айта кетерлік жайт, Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Бектөре Сұлтанның нұсқауымен автомобиль жолдарында мотокөлік жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті арттыру мақсатында Қызылорда облысы бойынша «Мотоцикл» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Фото: ua-reporter.com

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: