Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тұрғындар ыстық судың «қоңыр» түсіне шағымданды

03.12.2025, 16:00 82

Жекелеген үйлердегі ыстық судың лайлануы қалалық жылу желісінің жұмысына емес, кейбір үйлерде құбырлардың уақытылы ауыстырылмауына байланысты. Бұл туралы Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков ОКҚ-дағы баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.


Журналистердің «Жезқазған тұрғындары неге “қоңыр” ыстық суға шағымданады?» деген сұрағына жауап берген Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков қаланың жабық жылу беру жүйесі бойынша жұмыс істейтінін, ал жылу мен ыстық суды Жезқазған ЖЭО жеткізетінін түсіндірді.

Оның айтуынша, әрбір жылыту маусымы басталар алдында қалада магистралдық және кварталдық жылу желілерінде жоспарлы жұмыстар жүргізіледі. Алайда үйлердің ішкі жүйелерінің дайындығы әрдайым қала кестесімен сәйкес келе бермейді.

– Жыл сайын жылыту маусымына дейін магистральдар мен кварталдық желілерді жөндейміз. Бірақ пәтер иелері кооперативі (КСК) үйлерін уақытында дайындамаса немесе құбырларды тек кейбір пәтерлерде ғана ауыстырса, іске қосудың алғашқы апталарында осындай мәселелер туындайды,- деді Рыспеков.

Әкімнің айтуынша, қаланың жылыту маусымына дайындығы мен нақты бір үйдің дайындығы – екі бөлек нәрсе. Кейде жылу желілері дайын, бірақ үйлердің немесе подъездердің ішіндегі жұмыстар кеш аяқталады.

Ол пәтер иелері өз бастамасымен бір немесе бірнеше пәтерде тік құбырларды немесе басқа да су құбырларын ауыстырған жағдайларды мысалға келтірді. Мұндай әрекеттер құбыр бойымен жоғары немесе төмен орналасқан көршілердің пәтерлеріндегі судың сапасына әсер етуі мүмкін.

«Қала толық дайын, бірақ кейбір КСК жұмыстарды уақытында атқармайды. Бірі сыртқы құбырларды, енді бірі пәтер ішіндегі құбырларды жөндеу барысында ауыстырып жатады. Соның салдарынан жекелеген пәтерлерде су сапасына қатысты осындай жағдайлар пайда болады», – деп атап өтті әкім.

Рыспековтің айтуынша, әкімдік әлеуметтік желілер арқылы мұндай жағдайларды бақылап, тұрғындардың шағымдарына жедел әрекет етеді.

– Әлеуметтік желілерді бақылап отырамыз. Осындай дерек тіркелген бойда мамандар дереу барып, жағдайды тексереді. Бұл бүкіл қаланың емес, жұмыстары уақытында жүргізілмеген жекелеген үйлердің мәселесі, – деді ол.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: