Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кәсіп иесіне талаптар түсіндірілді

03.12.2025, 0:40 79

КБИ мөлтек ауданында орналасқан «Бұлан» мал базарына деген халық базынасы басылар емес. Оған бірнеше себеп бар. Біріншіден, мал базарының ветеринариялық-санитариялық нормаларға сай еместігі айтылады. Екіншіден, жеке тұрғын үйлермен жапсарлас орналасқаны, төрт түлік тиеген жүк көліктерінің тыныштықты жиі бұзатыны, мұнымен қоса көлік кептелісінің орын алуы негіз болған.
Сондықтан мал базарын қаланың шетіне көшіру туралы тұрғындардың талап-ұсынысы бірнеше мәрте жасалған. Осы жағдай бойынша жұмысшы топ арнайы барып, «Бұлан» мал базарының әкімшілігімен кездесті.

Мәселені егжей-тегжейлі бағамданған топ өкілдері кәсіп мәдениетін қалыптастыру қажеттігін алға тартып, нысан иесіне талаптарға сәйкес жұмыс жасауды түсіндірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: