Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бір  дорба  картоп

01.12.2025, 15:25 89

HALYQLINE.KZ

Бірде шәкірт ұстазынан сұрапты:

— Ұстаз, сіз сондай данасыз. Үнемі көңіл күйіңіз көтеріңкі. Ешкімге ренжімей өмір сүресіз. Маған да сондай болуды үйретіңізші, — деп.

Ұстазы келісіпті. Шәкіртіне картоп пен дорба әкел депті.

— Егер біреуге ренжісең, іштей кек сақтасаң, — дейді ұстазы, — мына картопты ал. Бір шетіне өз атыңды жаз. Келесі жағына ренжіген адамның атын жаз. Сосын картопты мына дорбаға сап қой.

— Сол-ақ па? — деп таң қалады шәкірті.

— Жоқ, — дейді ұстазы. Сен осы дорбаны тастамай өзіңмен бірге алып жүруің керек. Біреуге ренжіген сайын атын жазған картоптан қосып отыр.

Шәкірті келіседі. Біраз уақыт өтеді. Шәкірттің дорбасы толады. Көтеріп жүре беруге ауырлық етеді әрі сұмдық ыңғайсыз еді.

Ең басында салған картоп бұзылады. Сырты көгеріп, іші шіриді. Кейбірі тамыр қойып, гүлдей бастайды. Дорбадан жағымсыз иіс мүңкиді.

Сонда шәкірті ұстазына келеді.

— Мына дорбаны арқалап жүру мүмкін болмай кетті. Біріншіден, дорба тым ауыр. Екіншіден, картоп бұзылды, әбден шіріді. Маған басқа бір затты арқалатыңыз, — дейді.

Бірақ ұстазы саспайды:

— Бұл көрініс сенің жаныңда да болып жатыр. Сен біреуге ренжігенде, өкпелегенде жүрегіңе ауыр тас байлайсың. Сен оны бірден байқамайсың. Сосын тастар көбейе береді. Әрекетің әдетіңе айналады. Әдетің мінез боп қаланады. Мінезің қиямет қиындық тудырады. Бұл ауыр жүкті ұмыта салу оңай. Оны үнемі өзіңмен алып жүру ыңғайсыз ғой.

Мен саған өкпенің адам өміріне тигізер залалын сырттай бақылауға мүмкіндік бердім. Біреуге ренжіген кезде, жүрегіңе ауыр тас байлау қажет пе, жоқ па, ойланғың.

Біздің кемшілікті өзіміз ғана тудырамыз. Бір дорба бұзылған картопты арқалап жүру саған маңызды ма? Оны өзің шеш.

Аударған  Шынар  Әбілдa

Көрнекі сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: