Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстанның халық әртісі дүниеден өтті

30.11.2025, 14:10 79

Қазақстанның халық әртісі, сахна тарланы Рихангүл Махпирова 79 жасында өмірден озды, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі El.kz интернет порталына сілтеме жасап.

Рихангүл Әбдікерімқызы өзінің шығармашылық жолын 1977 жылы Құддыс Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрында бастаған. Ол жарты ғасырға жуық уақыт ішінде сахнада сан алуан мінезді, ойлы да өміршең бейнелерді жасап, ұлттық театр өнерінің «алтын қорына» енген рөлдер қалдырды.

Өнерге сіңірген елеулі еңбегі үшін ол «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі» және «Қазақстанның халық әртісі» атақтарына лайық деп танылған.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі марқұмның туған-туыстарына, жақындары мен көрерменіне қайғырып көңіл айтады.

“Ел өзінің біртуар өнер иесінен, сахнаның шын мәніндегі шеберінен айырылды. Жаны жарық болсын”— делінген министрлік хабарламасында.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: