Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мониторинг жұмыстары жүргізілді

22.11.2025, 0:54 76

Шиелі ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен ауданымызда арнайы құрылған жұмысшы топ қатысуымен, аудан әкімінің орынбасары Арман Асылбекұлының бастауымен аудандағы азық-түлік өнімдерін сататын сауда орындарына барып, баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі өнімдеріне мониторинг жұмыстары жүргізілді.

Мониторинг барысында кәсіркерлермен кездесіп, азық-түлік өнімдерінің бағасын негізсіз өсірмеу, баға үстемесін он бес пайыздан асырмау бағытында түсіндірме жұмыстары жасалды.

Маусымаралық кезеңде азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу — өзекті мәселелердің бірі. Азық-түлік қауіпсіздігін қаматамсыз ету мақсатындағы жұмыстар алдағы уақытта да әкімдік тарапынан ұдайы жүргізіліп тұратын болады.

@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: