Бүгін ертеңгілік ұзынқұлақтан «Кеше Қызылордадан Аралға қарай жолаушы алып шыққан такси көлігі Қармақшы ауданында аударылыпты» деген ақпаратты естіген бойда, облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сұрау салған едік.
«Полиция бөлімінің 102 арнасына КАЗ-06 Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент тасжолының ІІІ Интернационал елді мекені тұсында болған жол-көлік оқиғасы (ЖКО) бойынша хабарлама түскен. 17.11.2025 жылы сағат 15:35 шамасында бір бағытта келе жатқан «Ауди С4» автокөлігі мен «Альфард» автокөлігі оңтүстіктен солтүстікке қарай бағыт алып бара жатып, аталған тасжолдың 586/1680 шақырамында «Ауди С4» автокөлінің оң жақ қапталына «Альфард» автокөлігі соғу салдарынан басқару жүйесіне ие бола алмай жолдан шығып кетіп, аударылған. «Ауди С4» автокөлігі тоқтап үлгерген. Жүргізушісі мен қасындағы жолаушысы дәрігерге көрінуді қажет етпеген. Ал, «Альфард» автокөлігінде болған жолаушылар мен жүргізушісі аудандық ауруханаға жеткізілген. Ауруханада төрт жолаушыға алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіліп, үйлеріне қайтарылса, бесеуі ауруханаға жатқызылған.
Қазіргі уақытта тергеуалды тексеру жұмыстары жүргізілуде» делінген аталған департаменттің баспасөз қызметі жолдаған хабарламада.
Көрнекі сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!