Қармақшы аудандық сотында сот мамандарының қатысуымен «Аудио-бейнежазба құралдарын сот отырыстарында қолдану мәселелері» тақырыбында семинар өтті.
Семинарды сот әкімшісінің басшысы Е.Матжанов ашып, істерді қарау барысында аудио-бейнежазба жүйесін қолдану мәселелеріне тоқталды.
Бас маман-сот отырысының хатшысы С.Қожабаев аудио-бейнежазба жүйесін қолдану тәртібі мен техникалық ерекшеліктері жөнінде түсіндірме берді.
Сонымен бірге, сот отырыстарының дыбыс-бейне жазбасын дұрыс жүргізу туралы мәлімет берілді.
Семинар соңында қатысушылар тақырып бойынша сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!