Мен, Жадырасынова Мерей Қызылорда қаласындағы №4 С.Сейфуллин атындағы ІТ мектеп-лицейінің 10 «А» сынып оқушысымын. Есірткіге қарсы «Есірткісіз өмір ғажайып!» тақырыбындағы үндеуімді жасөспірімдерге жолдаймын.
Құрметті достар!
Мен елімнің болашағын, өскелең ұрпақтың ертеңін ойлайтын, өмірге деген құлшынысы зор жас ретінде сіздерді салауатты өмір салтын ұстанып, жаман әдеттерден аулақ болуға шақырамын. Қазіргі таңда қоғамда белең алып отырған қауіпті дүние — есірткі. Есірткі адам денсаулығын улап, асқақ арманына балта шабады, болашағын бұлыңғыр етіп, өмірін қысқартады. Сондықтан есірткіге елікпей, жеңіл жолмен желікпей, теріс әрекеттен аулақ болып, дұрыс өмір сүруіміз керек. Бір сәттік алдану адамды мәңгілік өкінішке итермелейді. Есірткіге әуестенген адам өз тағдырын ғана емес, айналасындағы жандардың да өмірін бұзады.
Болашақ білімді де білікті, денсаулығы мықты жастардың қолында. Бізге мемлекет тарапынан жан-жақты білім алып, спортпен айналысуға, шығармашылығымызды шыңдауға үлкен мүмкіндік беріліп отыр. Сондықтан, сол мүмкіндікті тиімді пайдаланып, жарқын жақта өмір сүрейік. Денсаулық – баға жетпес байлық, ал оны сақтау — өз қолымызда. Біз есірткіге қарсымыз!
Мерей Жадырасынова,
№4 С.Сейфуллин атындағы ІТ мектеп-лицейінің
10 «А» сынып оқушысы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!