Қызылорда қаласы тұрғындары мен қала қонақтарының назарына!
2025 жылдың 12 қараша күні сағат 20:00-ден бастап 13 қараша күнгі сағат 06:00-ге дейін қала орталығының, Тасбөгет кенті, «Саяхат», «Астана», «Сәулет», «СПМК-70», «Сырдария», «Ипподром», «Арай», «Сол Жағалау», «КБИ», «Мұнайшы», «Шанхай», «Коммунизм», «Әл-Фараби», «Титов», «Гагарин» тұрғын аудандарының орталықтандырылған ауызсу жүйелеріне жоспарлы жуу, шаю және залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.
Осы жұмыстарға байланысты:
— 2025 жылдың 12 қараша күні түнгі сағат 23:00-ден 13 қараша күні түнгі сағат 01:00-ге дейін қала орталығының, Тасбөгет кентінің, «Саяхат», «Астана», «Сәулет», «СПМК-70», «Сырдария», «Ипподром», «Арай», қаланың Сол жағалауы тұрғын аудандарының ауыз су жүйелеріне;
— «Шанхай», «Коммунизм», Әл-Фараби, «КБИ», «Мұнайшы» тұрғын аудандырының орталық ауызсу жүйелеріне 2025 жылдың 12 қараша күні кешкі сағат 21:00-ден 24:00-ге дейін ауызсу беру уақытша тоқтатылатын болады.
Ауызсуды пайдаланар алдында кранды ашып, хлордың иісі толық кеткенше ауызсуды пайдаланбауды сұраймыз.
Ведомстволық мекемелерде 2025 жылы 13 қараша күні сағат таңғы 06:00-ден бастап суды ағызып, хлордың иісі толық жойылғанға дейін жауапты кісілерді бекіту қажет.
Көпқабатты тұрғын үйлерге қызмет көрсететін Меншік иелері бірлестіктері мен көпқабатты тұрғын үйлерге жауапты мекемелерін өжіре ішіндегі таратушы ауызсу құбырынан тазарту жұмыстарынан кейінгі құбыр ішіндегі шөгінді қалдықтар тазарғанша 10-15 минут ағызып жіберулеріңізді ескертеміз.
ШЖҚ «Қызылорда су жүйесі» МКК
Көрнекі сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!