Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Уылдырық-2020: 100-ге жуық құқықбұзушылық анықталды

18.06.2020, 14:05 615

HALYQLINE.KZ Өңірде бір айлық «Таза су айдындары» атты табиғат қорғау акциясы өтті. Науқанға 300-ге жуық адам қатысып, 55 техника және 7 шағын көлемдегі кемелер жұмылдырылды. Сондай-ақ, 15,9 тоннаға жуық әр түрлі тұрмыстық қоқыстар мен 1722 ау-құралдардың қалдықтары жиналып, тазартылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекция басышысының орынбасары Марат Нұрмағамбетов мәлімдеді.

«Қызылордада «Таза су айдындары-2020», «Уылдырық-2020» атты табиғат қорғау акцияларын кеңінен насихаттау жұмыстары жүргізілді. Яғни, су айдындарына жергілікті атқарушы органдар жұмысшы қызметкерлерімен және жануарлар дүниесін пайдаланушарының күшімен ау қалдықтары жинап, қоқыстардан тазарту жұмыстарын жүргізді», – деді Марат Жалпақбайұлы.

Мұнан өзге, «Уылдырық» атты көктемгі балықтардың уылдырық шашып көбею мезгілінде өткізілетін акцияның іс-қимыл графигі бекітіліп, күшейтілген рейд жұмыстары ұйымдастырылды.

«Уылдырық шашып көбею мезгіліндегі рейдтік іс-шаралар барысында 96 құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде 57 іс сот орындарының қарауына жіберіліп, айыппұл салынды. Яғни, балық аулау ережесін бұзушыларынан 62 ау және 819,6 кг балық тәркіленіп, балық қорына келтірілген залалға байланысты да айыппұл салынып, өндірілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: