«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында Арал көпсалалы колледжінің білім алушылары «Дәндерді тастама – табиғатқа мүмкіндік бер» атты экологиялық акцияға қатысуда, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Акцияның негізгі мақсаты – білім алушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру және экологиялық жауапкершілігін нығайту.
Өндірістік оқыту шебері Даметкен Мамбетованың ұйымдастыруымен білім алушылар өсімдіктерге күтім жасаудың қыр-сырын меңгерді. Олар топырақтың ылғалдылығын тексеріп, өсімдіктерге қажетті мөлшерде су құйып, жапырақтарын күтіп-баптады. Сонымен қатар жарықтың өсімдіктердің өсуіне әсері туралы пікір алмасты.

Іс-шара барысында білім алушылар гүлдердің дәндерін жинау, сақтау және оларды қайта егу жолдарымен танысып, өсімдіктерді күтіп-баптау бойынша тәжірибелік дағдыларын жетілдірді.
Осындай экологиялық акциялар жас ұрпақтың табиғатқа жанашырлықпен қарауына, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін арттыруға және экологиялық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!