Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аралдық полицейлер заңсыз аңшылықпен айналысқан азаматты анықтады

27.10.2025, 12:15 108

Қызылорда облысы Полиция департаменті тарапынан жүргізіліп жатқан «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Арал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері табиғатты қорғау бағытында бірқатар рейдтік іс-шаралар өткізуде.

Рейд барысында Ваз 2121 автокөлігімен заңсыз аңшылықпен айналысқан 42 жастағы Арал ауданының тұрғыны ұсталды. Көлікті тексеру кезінде 1 дана аңшы мылтығы, 9 дана оқ және жүк салғыштан 2 қапқа салынған жалпы саны 55 дана үйрек пен қасқалдаққа ұқсас құстар табылып, тәркіленді.

Аталған дерек бойынша заңсыз аңшылық фактісімен іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі таңда тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Полиция қызметкерлері азаматтарды табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға және заңсыз әрекеттерден бой тартуға шақырады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: