“Аналардың көзімен Армия» республикалық акциясы аясында Ұлттық ұланның 5547 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметшілерінің ата-аналары үшін Ашық есік күні өтті.
Іс-шараның басты мақсаты-ата-аналарды әскери қызмет өткеру шарттарымен, сарбаздардың күнделікті өмірімен және бөлімнің әлеуметтік инфрақұрылымымен таныстыру.
Іс-шараға «Қызылорда қаласы 5547 әскери бөлімінің сарбаздар анасының жүрегі» комитетінің төрайымы Жарқынбике Шарапова да қатысты.
Ашық есік күнінің салтанатты ашылуы саптық алаңда өтті. Қонақтарға бөлім командирі подполковник Жасұлан Беркенов құттықтау сөз сөйлеп, амандық пен табыс тіледі.
Ата-аналар әскери бөліммен танысты. Қонақтарға әскери техниканың үлгілері, казарма, медициналық пункт және сарбаздар асханасы көрсетілді.
Бөлім басшылығы мен қызмет бастықтары, ата-аналармен ашық әңгіме өткізіп, құқық тәртібінің жай-күйі, әскери қызметшілердің құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Іс-шара соңында ата-аналар балаларына көрсеткен қамқорлығы үшін бөлім басшылығына алғыстарын білдірді, сондай-ақ қызмет пен тұрмысты ұйымдастырудың жоғары деңгейін атап өтті.
-Мұндай кездесулер ата-аналар мен әскери бөлім арасындағы сенімді нығайтады. Біз ұлдарымыздың жақсы жағдайда және сенімді қолдарда екеніне көз жеткіздік. Командирлерге және барлық жеке құрамға олардың қамқорлығы үшін алғыс айтамыз, — деді қатардағы жауынгер Бағжан Жомартовтың анасы Әтіркүл Ахмедова.
5547 әскери бөлімі
лейтенант Жақсылвқ Берікұлы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!