Елімізде ауыз суды шамадан көп тұтынатындарға жаңа тариф енгізілді. Енді бір адам тәулігіне 140 литрден артық су пайдаланса, артық кеткен бөлігіне 30% жоғары тариф есептеледі.
Жаңа тәртіп бойынша мәслихаттар (жергілікті өкілдік органдар) судың бағасын өздері бекітеді. Дегенмен, тариф республикалық орташа бағадан аспауы керек.
Су ресурстары комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков қазіргі уақытта өңірлерде халыққа арналған жаңа тарифтерді келісу жұмысы жүріп жатқанын айтты.
Бұл норма Су кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес қабылданған. Төлем көлемі әр өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарай реттеледі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!