фото ашық дереккөзден
Қазақстан Үкіметі жеке тұлғаларға арналған жеңіл автокөлікті лизингпен алу тетігін іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Мәліметке сәйкес, отандық автоөндірушілер мен екінші деңгейлі банктер халыққа қолжетімді автонесиелеу бағдарламаларын жалғастырады. Ал жаңа тетік – жеке тұлғаларға арналған лизинг – азаматтардың көлік сатып алу мүмкіндігін кеңейтпек.
«Жеке тұлғаларға жеңіл автокөлік сатып алу бойынша лизинг тетігі енгізіледі. Бұл азаматтардың көлік иесі болу мүмкіндігін арттыруға бағытталған», – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Үкімет басшысы Олжас Бектенов «Бәйтерек» холдингіне шағын және орта бизнесті қолдауға арналған қосымша ұсыныстар дайындауды тапсырды.
Премьер-министрдің айтуынша, атқарылып жатқан реформалар елдің ұзақ мерзімді экономикалық өсімін қамтамасыз етуге және нарықтық қағидаттарды нығайтуға бағытталған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!