Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

15.10.2025, 15:55 111

Сырдария ауданы әкімінің «2025-2026 жылдарға арналған жылу беру маусымының басталуы туралы» №257 өкімімен бүгіннен бастап, яғни 15 қазаннан жылу беру маусымы басталды. Осыған орай, 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымы кезеңіндегі ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі штаб құрамымен жеке тұрғын үйлерде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Арнайы мамандардан жасақталған штаб құрамы тұрғындардың үйлеріндегі жылыту пештерінің талапқа сәйкестігін бақылап, жылу беру маусымында төтенше жағдайлар орын алмау керектігін, жылыту пештері талаптарға сай болуын түсіндірді. Тұрғын үй иелеріне жадынамалар таратып, сақтық шараларын есте сақтау керектігін ескертті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: