Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шиелі көшелерінде — жаңа леп, жаңа мазмұн

14.10.2025, 0:50 136

Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбеков аудан ардагерлерімен бірге Шиелі кентіндегі көркейту, көгалдандыру және абаттандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Аралау барысында Самара–Шымкент бағытындағы автожолы бойындағы Исатай Әбдікәрімов көшесінің қиылысында орнатылған көрнекі ақпараттық тақталар назарға ұсынылды. Бұл тақталар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ел болашағына қатысты ұстанымдары мен маңызды үндеулерін қамтып, көшенің ажарын аша түсті.

Бұл бастама кенттің келбетін жаңартып, тұрғындар мен қонақтар үшін көрікті орта қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар жастарға елге, жерге деген сүйіспеншілікті насихаттау мақсатын да көздейді.

Аудан ардагерлері мұндай игі істердің елдің рухани жаңғыруына, ауданның мәдени бейнесін қалыптастыруға қосатын үлесінің зор екенін атап өтті. Сондай-ақ алдағы уақытта да осындай көркейту жұмыстарын жүйелі жалғастыру жөнінде өз ұсыныстарын білдірді.

@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: