Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Оқшы ата кесенесі мен кіреберіс қақпа — жаңа кейіпте

14.10.2025, 0:45 104

Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбеков аудан ардагерлерімен бірге көркейту, көгалдандыру және абаттандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Аралау барысында тарихи және мәдени нысандарға ерекше назар аударылды.

Алдымен, аудан басшысы мен ардагерлер киелі Оқшы ата кесенесіне барды. Ежелгі Оғыз–Қыпшақ дәуірінен қалған бұл тарихи жәдігер республикалық маңызы бар ескерткіш ретінде «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында жалпыұлттық қасиетті нысандар тізіміне енген. Кесене аумағында жүргізілген абаттандыру жұмыстары нәтижесінде заманауи жарық шамдары орнатылып, құрылыс құрылымдары жаңартылып, кесене жаңа келбетке ие болды.

Келесі кезекте, аудан әкімі Шиелі кентінің кіреберіс қақпасын назарға алды. Заманауи сәулет үлгісінде бой көтерген қақпаға орнатылған жарық шамдары түнгі уақытта алыстан көз тартып, кенттің келбетіне көрік беріп тұр.
Кіреберіс қақпа — ауданға келушілер үшін ерекше әсер қалдыратын сәулеттік нысан. Ол Шиелі кентінің ажарын ашып қана қоймай, ауданның даму қарқыны мен көркейту бағытындағы жүйелі жұмыстарының жарқын көрінісі ретінде айшықталып тұр.

Аудан ардагерлері атқарылып жатқан жұмыстарға жоғары баға беріп, аудан әкімдігіне ризашылықтарын білдірді. Олар тарихи мұраларды сақтау мен заманауи абаттандыру жұмыстарын үйлестіре жүргізу – болашақ ұрпаққа үлгі боларлық іс екенін атап өтті.

@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: