Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада үшем дүниеге келді

13.10.2025, 15:20 144

HALYQLINE.KZ

Көпбейінді облыстық ауруханада Хадия, Хафиз, Хамза есімді үшем дүниеге келді.

Қала тұрғыны Асель Сабырбаева 23 жасында алғашқы сәбилері үшемді дүниеге әкелді. Жас ананы Акушерлік бөлім меңгерушісі Ержанова Арман Иманғалиқызы мен акушер-гинеколог Қосназарова Фатима Алиасқарқызы босандырды. Нәрестелердің туылғандағы салмағы қыз бала 1996,0 гр, ер бала 1938,0, үшінші ер бала 1918,0 гр болды.

«Жүктіліктің 35 аптасында мерзімінен бұрын босанды. Нәрестелердің туылған кезде жағдайы ауыр болды. Жансақтау бөліміне алынып, 2 күн аппаратта жатты. Өкпелерін дамыту үшін дәрі берілді», — деді Жаңа туған нәрестелердің реанимация және патология бөлімшесінің меңгерушісі Индира Бекжанова.

Үшемнің денсаулығын жақсарту үшін мамандар жоғары сапалы медициналық көмек көрсетті. Қазіргі уақытта нәрестелердің жағдайлары тұрақты, ана сүтімен қөректеніп, анасымен бірге палатада жатыр.

Айта кету керек, аурухананың акушерлік бөлімінде жыл басынан бері 1343 нәресте дүниеге келген. Олардың 537-сі Жаңа туған нәрестелердің реанимация және патология бөлімшесінде қосымша ем алған.

Көпбейінді облыстық аурухананың баспасөз орталығы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: