Қызылорда төрінде дәстүр мен замана үндескен ерекше кеш өтті. «Қорқыт және Ұлы дала сазы» атты халықаралық фестивальдің финалдық гала-концерті көрерменге ұлт рухын сездіріп, әлемнің түкпір-түкпірінен келген өнерпаздарды бір сахнада тоғыстырды.
Кеш барысында халық әндері мен күй өнері, этно-ансамбльдердің орындауындағы ұлттық сарындар сахна сәнін келтірді.
Фестиваль — түркі халықтарының ортақ мәдени мұрасын дәріптеу, Қорқыт баба мұрасын ұлықтау және ұлы даланың саз әлемін әлемге танытудың жарқын үлгісі болды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!