Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қорқыт және Ұлы дала сазы

07.10.2025, 10:45 135

Құрметті қызылордалықтар және қала қонақтары, сіздерді қазан айының 8-10 аралығында өтетін түркі мәдениеті мен руханиятының темірқазығына айналған Қорқыт мұрасын насихаттау мақсатындағы түркі тілдес елдердің халықаралық “Қорқыт және Ұлы дала сазы” фольклорлық-музыкалық өнер фестиваліне шақырамыз!

Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен, түркі мәдениеті және мұрасы Қорымен бірлесіп өтетін фестивальге Әзербайжан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Алтай, Тыва және Қазақстаннан 200-ге жуық өнерпаздар, зерттеушілер мен ғалымдар қатысады.

Сыр еліндегі дәстүрлі өнер фестивалі Тұран дала төріндегі руханият мұрасын тағы бір мәрте асқақтатпақ.

Түркі мәдениетін тоғыстырған өнер мерекесінен қапы қалмаңыздар!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: