Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мәжілістегі концерт

27.09.2025, 7:00 203

HALYQLINE.KZ

Бүгінгі  сатира

Бүгінгі отырыс қызық өтті,

Бір депутат қызып кетті…

Халық қамын ойлауды,

Белінен былай сызып кетті!

Бір депутат анасын,

Екіншісі баласын,

Үшіншісі әкесін,

Төртіншісі тәтесін,

Бесіншісі ерекше үнімен,

Ажырасқан әйелін…

Ойланыпты түнімен,

Туған күнімен,

Құттықтады,

Біреуі суып,

Біреуі ыстықтады…

Тағы бірі биледі.

Заңға басын имеді…

Тойда жүргендей,

Парламентті иледі,

Улап-шулап отырып,

Заңнан «көйлек кимеді»…

«Қойыңдар!» деді спикер,

Біріне де тимеді…

Бірі тақпақ айтты,

Тақпағын әрең…

Жаттап айтты,

Сол күні депутаттар,

Спикерді мақтап қайтты…

Миллион айлықтарын,

Қысқасы ақтап қайтты,

Бәрі бүгін…

Халық үнін,

Парламентте,

Патыр-пұтыр…

Қатыр-құтыр,

Таптап қайтты!

Мұхтар  ШЕРІМ

Фото: papik.pro

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: