Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«KitapTime-2025» фестивалі өтті

25.09.2025, 16:20 195

HALYQLINE.KZ

 «Қала күні» мерекесі аясында Орталық алаңдағы «Өнер арбатында» Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толуына орай «KitapTime-2025» ІV жалпы республикалық кітап фестивалі өтті, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Мәдени іс-шарада қалалық мәслихат төрағасы Ибадулла Құттықожаев Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толуына орай қаланың тарихына тоқталып, кітаптың мән-маңызын түсіндіріп, кітап адамзаттың ең басты серігі болып қала беретінін айтты.

Жәрмеңкеде қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі «Алаштың анасы – бақыттың қаласы Қызылорда» атты кітап көрмесін таныстырды. Көрмеге «Ақмешіт» мұражайында сақтаулы тұрған 1925-1928 жылдары жарық көрген ақын-жазушылардың ең алғаш шыққан кітаптары қойылды. Сондай-ақ, Қызылорда қаласындағы жоғары оқу орындары мен колледждердің кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мұнда әлем және қазақ әдебиеті классиктерінің шығармалары, балаларға арналған ертегілер мен энциклопедиялық еңбектері паш етілді.

Сонымен қатар, өзге өңірлерден «Қасым», «Сана», «Мазмұндама» баспалары, жергілікті «Атамұра», «Кітап ал» дүкендері өз кітаптарын ұсынып, сатылымға шығарды. Жастар арасында «QAZAQSHA QUIZ» интеллектуалды сайысы өткізіліп, жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар берілді.

Мерекелік іс-шарада қала әдебиеті мен мәдениетіне елеулі еңбек етіп жүрген оқырмандар қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Одан бөлек, «Үздік кітапхана», «Үздік кітапханашы», «Үздік оқырман отбасы» номинациясы табысталды.

Кітап жәрмеңкесіне 1000-ға жуық оқырман келіп, көрмені тамашалады. Ерекше айта кету керек, бұл іс-шарада жастар белсенділік танытып, жәрмеңкенің көрігін қыздырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: