Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Студенттер тәртіп пен заң аясында ой түйді

18.09.2025, 17:20 145

2025 жылдың 17-қыркүйегінде М.Ықсанов атындағы политехникалық колледж студенттері ҚАЖД №60 мекемесіне танымдық мақсатта келді. «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу акциясы» аясында жалпы саны 30 оқушы  мекемедегі жазасын өтеушілердің тыныс-тіршілігімен танысты. Студенттер мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Әділет подполковнигі А.Өскенбаевтың жетекшілігімен мекеме аумағын көрді. А.Өскенбаев тәртіп пен тәрбие қатар ұғым екенін айтып,  ең жас сотталған азаматтың қылмыстық ісін мысал етіп түсіндірді. Өз кезегінде жазасын өтеуші өкінішін білдіріп, өз жолын қайталамауын айтты. Мұндай акция мен жобалар ұйымдастырып, өткізу жасөспірім жеткіншектерге ортаны таңдау, заңға бағыну, құқық, бостандық терминдерін түсініп-тануға, алдағы уақытта олардың құқық бұзуының алдын алуға көмектеседі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: